Бүгiн 2026, 07:37 Фото: istockphoto.com

Бүгін Өскемен мен Қызылорда оқушылары да  қашықтан оқиды

Астана, Өскемен және Қызылордада 26 ақпанда мектептер қашықтан форматқа ауыстырылды.

Ауа райының күрт суытуына байланысты 26 ақпанда Астана, Өскемен және Қызылорда қалаларында мектеп оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өскеменде жағдай күрделі. Қалада ауа температурасы -40 градусқа дейін төмендеп, 1 және 2 ауысымдағы 0-11 сынып оқушылары толықтай қашықтан оқытуға жіберілді.

Ал Қызылордада 0-11 сынып аралығындағы барлық оқушы уақытша онлайн форматта білім алады. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, қауіпсіздік мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық жалпы орта білім беру ұйымдары қашықтан оқыту тәртібіне ауыстырылған.

Сонымен қатар, ел астанасында да 0-9 сынып оқушылары үшінші күн қатарынан үйде оқиды. Қалалық білім басқармасының мәліметінше, 26 ақпанда ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар онлайн форматқа көшірілді.

Осылайша, үш қалада ауа райының қолайсыздығына байланысты дәстүрлі сабақ уақытша тоқтатылып, оқу процесі онлайн форматта жалғасады.