Бүгін "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді

Бүгін елордада "Орталық Азия – Қытай" форматындағы екінші саммит өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Орталық Азия – Қытай" екінші саммиті өтеді. Іс-шараға аймақтағы мемлекеттер басшылары мен Қытай Халық Республикасының Төрағасы қатысады. Саммитте Орталық Азия елдері мен ҚХР арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту перспективасы талқыланады.

16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.

Си Цзиньпин қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Президентке ризашылығын білдірді.

Сарапшылардың пікірінше, "Орталық Азия – Қытай" форматы өз тиімділігін дәлелдеп үлгерді

Еске сала кетсек, 2023 жылы мамырда "Қытай-Орталық Азия" бірінші саммиті Қытайдың Сиань қаласында өткен болатын. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов қатысты. Ал жиынға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин төрағалық етті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы