Бүгін оқушылар үшін қашықтан қайталау сабағы басталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-28 тамыз аралығында қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Sputnik Қазақстанға хабарлаған.

Сабақ өткен материалды қайталап, жаңа оқу жылына дайындалу үшін 2-11 сыныптар арасында ұйымдастырылады.

Оқу процесі бұған дейін әр мектеп таңдаған интернет-платформаларда қашықтан өткізіледі. Сабақ 10:00-де басталады, ұзақтығы – 20-40 минут. Кестеге негізгі пәндер енгізілген, - деп мәлімдеді министрлік.

2-4 сыныптарға 2-3 сабақ, 5-8 сыныптарға 3-4 сабақ, 9-11 сыныптарға 4-5 сабақ өткізу ұсынылып отыр. Бірінші және екінші күні, яғни 25-26 тамызда балалардың білімі тексеріледі. Сабақта бұған дейін өткен материал қайталанады. Тест пен жаттығулар жасайды. Үшінші және төртінші күні, яғни 27-28 тамызда алғашқы екі күн нәтижесі бойынша жаттығулар беріледі.

Еске сала кетсек, 19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда бірыңғай ата-аналар жиналысы өтті. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады. Білім күні тарихта алғаш рет онлайн өтеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы