Бүгін Nur Otan партиясының құрылғанына 23 жыл толды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы, партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта Nur Otan-ның кезектен тыс XXII Съезі басталды.

Бүгінгі жиынға партияластарымыз, саяси кеңея мүшелері, орталық мемлекеттік ұйым жетекшілері, өңірлердегі филиал төрағалары мен фракция депутаттары қатысып отыр. Бүгінгі съезге еліміздің түкпір-түкпірінен 399 делегат сайланды. 

Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов съезд жұмысының ашылуында сөз сөйледі.

Бүгінгі съезд аса маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Жыл басында ел болашағына қауіп төндірген ауыр күндерді бастан өткердік. Бірақ бірлігімізді көрсетіп, елдігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Сол күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты бірлікке шақырып, жаңа Қазақстанды құруға үндеуі ұлт тарихындағы тағы бір белеске жол ашты, - деп айтты ол.

Ораловтың сөзінше, Nur Otan партиясы көштің алдындағы өзгерістердің басында тұруы тиіс. Партия төрағасы айқындап берген модернизациялаудың жеті бағытын құруға партияның қаншалықты маңызды екенін көрсетті.

Бүгін партиямыздың құрылғанына 23 жыл толды. Осы жылдары партиямыз мемлекет пен қоғам тұрақтылығын, тәуелсіз Қазақстанды дамытуға үлкен үлес қосты. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлының Nur Otan-ның модернизациялау бағдарламасын талқылау үшін съезді дәл осы күні шақыру үшін барлығымыз үшін ерекше маңызға ие, - деп атап өтіп, Асхат Оралов съезд жұмысына кірісуге шақырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы