Бүгін - нан күні

16 қазан Қазақстанда нан күні аталып өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл күн 2019 жылы Үкіметтің қаулысымен бекітіліп, астық өнімдерінің мәртебесін нығайтуға бағытталған. 

Сонымен қатар нан күні осы құнды өнімді өндіруге атсалысатын барлық маманның кәсіби мерекесі. Атап айтқанда шаруалар, ұн тартушылар, наубайшылар.

Отандық шаруалардың еңбегінің арқасында еліміз айтарлықтай астық ресурстарына ие және азық-түлік нарығының маңызды қатысушысы саналады. Биылғы жыл нан өсірушілер үшін қиын болды. Алайда барлық сын-тегеурінге, қолайсыз ауа райы жағдайларына қарамастан, Қазақстан ішкі нарықты бидайдың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етті. Сондай-ақ өзінің экспорттық әлеуетін де сақтайды. Бүгінгі таңда республика бойынша астық жинау науқаны аяқталуда, жұмыстар 15,6 млн гектарға (90,2%) жүргізілді. Орташа өнімділігі 9,3 ц/га болған кезде диқандар 14,6 млн тонна астық бастырды. Мереке құтты болсын, құрметті сала қызметкерлері! Сізге және Сіздің жақындарыңызға бақ-береке тілеймін!, - делінген ведомство хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР АШМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы