Бүгін Мүсірепов театрында «Баянсыз бақ» драмасының премьерасы өтеді
Алматы, BAQ.KZ. Қарашаның 13-14 күндері Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры сахнасында америкалық жазушы, драматург Вина Дельмардың шығармасы негізінде сахналанатын «Баянсыз бақ» драмасының премьерасы өтеді.
Кез келген ұлттың өзіне ғана тән сан алуан ерекшеліктеріне қарамастан, бір-біріне жақындығы мен ұқсастығын көрсететін ортақ тақырып, ол – мейірімділік, әсілі, ата-анаға деген құрмет, оларға қамқор болу, қартыңды ардақтау мәселесі. Жаңа қойлымда осы тақырып кеңінен қамтылады.
Дүниежүзі театрлар көрермендеріне «Дальше – тишина...» спектаклі арқылы таныс драманы Лидия Кәден, Гүлжамал Қазақбаева, Сағызбай Қарабалин, Рахман Омар, Сафуан Шәймерденов, Әсет Иманғалиев, Жанар Мақашева, Гүлбаһрам Байбосынова, Аида Жантілеуова сынды театр артистерінің актерлық ансамблі және Фархад Молдағалидың суреткерлігімен тамашалай аласыздар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл 94 737 тұрғын үй пайдалануға берілді – министрлік
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы