Бүгін – мұғалімдер күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазанның алғашқы жексенбісі – Қазақстанда мұғалімдер күні.

Біздің мемлекетімізде де бұл мереке қазан айының алғашқы жексенбісіне белгілеген. Дәлірек айтсақ, мұғалімдер күні 1965 жылы 29 қыркүйекте КСРО жоғарғы кеңесі президумының бұйрығымен қазан айының алғашқы жексенбісіне бекітілді. 1966 жылы 5 қазанда ЮНЕСКО мен Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері «Мұғалімдердің жағдайы туралы» құжатқа қол қойған.

2019 жылдың 19 қыркүйегінде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов парламентте «Педагог мәртебесі туралы»  заң жобасын таныстырды. Құжатты дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына 70-тен астам маман енген. Оның ішінде педагогтер, заңгерлер, ғалымдар, мектеп басшылары мен қалалық кәсіподақ өкілдері бар. Заң жобасын дайындау барысында мұғалімдер мен жұртшылық тарапынан 8 мыңнан аса ұсыныс түскен. 

2019 жылы 27 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойды.

«Педагог мәртебесі туралы» заңның мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген. 

Министр Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
9 өңір «сары» аймақта
Өзгелердің жаңалығы