Бүгін – Металлургтер күні

Бүгін Қазақстанда Металлургтер күні атап өтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жыл сайын шілденің үшінші жексенбісінде металл өндірумен және оны өңдеумен айналысатын адамдар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Құрылыс, машина жасау, мұнай-газ секторы және энергетика – аталған салалардың бәріне металлургтер өндіретін шикізат пен материалдар қажет.

Бұл күрделі мамандық жоғары технологиялық білімді, жауапкершілік пен зейінділікті, талдай білуді, сондай-ақ жаңа әдістер мен технологияларды үйренуге дайын болуды талап етеді. Ал металлургтердің өздері болаттай берік мықты жандар.

Қазақстандық металлургтерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт, амандық және толағай табыс тілейміз. Мереке құтты болсын!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы