Бүгін - Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі күні

Бүгін, яғни 15 наурыз - Қарулы күштердің Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің күні, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің күніне орай елордадағы Ұлттық әскери-патриоттық орталықта салтанатты іс-шара өтіп жатыр.

Қарулы Күштері бас штабы қолбасшысының бірінші орынбасары, авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Кәрбенов осы саланың қызметкерлерін мерекемен құттықтады.

Баршаңызды бүгінгі кәсіби мерекемен құттықтаймын. Бұл қызмет өзінің даму жолында түрлі кезеңдерден өтіп, мемлекеттің әскери қорғаныс жүйесінің тиімді буынына айналды. Қызметтің жеке құрамы күрделі әрі маңызды міндетті жоғары кәсібилік танытып, антына берік болып, абыроймен орындай білді. Осы саланың барлық кезеңдегі мамандары ең алдымен қырағылықтың үлгісі болды. Осылайша бүгінде сала мамандары ақпараттық-технологияның қарқынды дамыған уақытында мемлекеттік құпиялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр, - деп айтты ол салтанатты жиында.

Нұрлан Кәрбенов ең алдымен күрделі әрі қиын кезеңде мемлекеттік құпияларды сақтап қалып, кәсібилік танытқан Қарулы Күштердің ардагерлеріне алғыс айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы