Бүгін Мемлекет басшысы Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Бүгін сағат 11.15-те Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, еліміздің жаңа Премьер-министрінің кандидатурасын ұсынатын болады. Сондай-ақ Президент саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасайды, - делінген жазбада.

Жиынды «Хабар 24» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы