Бүгін магниттік дауыл болады. Кімдерге қауіпті?
Бүгін күннің белсенділігі артып, ауа райына сезімтал адамдарға әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың айтуынша, түнде және таңертең магниттік толқулар әлсіз болады. Бірақ түстен кейін сәл күшейіп, 4 баллдық магниттік дауыл басталады. Бұл адам денсаулығына аздап әсер етуі мүмкін.
Қандай әсері болуы мүмкін?
Бас ауруы.
Әлсіздік.
Қан қысымының өзгеруі.
Ұйқысыздық.
Кешке қарай дауыл бәсеңдеп, түнде толығымен басылады.
Магниттік дауыл қалай пайда болады?
Күннен таралатын зарядталған бөлшектер Жердің магниттік өрісіне әсер етеді. Нәтижесінде ауа райына сезімтал адамдар өзін жайсыз сезінуі мүмкін.
Не істеу керек?
Көбірек су ішіңіз.
Демалып, күшіңізді сақтаңыз.
Дәрігер жазған дәрілерді қабылдаңыз.
Қатты шаршамауға тырысыңыз.
Магниттік дауылдың әсері бәріне бірдей білінбеуі мүмкін, бірақ денсаулығы әлсіз адамдарға абай болған жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сириядағы лаңкестер құрамында 30-дан астам қазақстандық бар
Келесі жаңалық
6 желтоқсанға арналған валюта бағамы жарияланды
Өзгелердің жаңалығы