Бүгін Қазақстанда ауыл әкімдерінің сайлауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақстандықтар аудандық маңызы бар қалалар, ауыл мен кенттер және ауылдық округтердің әкімдерін сайлайды.

Осы жаздың ең маңызды саяси оқиғасы ел аумағында таңғы 7-де басталды.

Кандидаттарды ресми тіркеу шілденің 14-інде аяқталды. Ал кеше «тыныштық күні» болды. Яғни елде қандай да бір сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынды.

Жалпы бүгінгі сайлауға қатысу үшін бас-аяғы 2582 үміткер ұсынылғанын айтып кету керек. Олардың 89 процентке жуығы тіркеуден өтті.

Ресми деректерге сай, сайлауға саяси партиялар 878 адамды, ал қалғаны өзін өзі ұсынып отыр. Олардың арасынан халық 775 әкімді таңдауы тиіс. Тіркелген кандидаттардың 84 пайызы – ер азаматтар, қалғаны – әйелдер. Олардың орташа жасы қырықта. Жалпыға ортақ талап бойынша үміткер 25 жасқа толуы керек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы