Бүгін Қазақстан судьяларының VIII съезі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан судьяларының VIII съезі өз жұмысын сағат 11.00-де бастайды. 

Форум Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен онлайн режимде өтеді.

Съезд жұмысына Қазақстан Судьялар одағының делегаттары, халықаралық сарапшылар мен серіктес-ұйымдар, қоғам және мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысады.

Съезде сот жүйесін дамыту, атап айтқанда, судьялардың жауапкершілігі мен тәуелсіздігін арттыру, кейбір қылмыс түрлеріне жазаны күшейту және тағы да басқа мәселелер талқыланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы