Бүгін халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолды су шайып кетті
Көлік министрлігі елімізде су тасқынынан бұзылған жолдар туралы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 сәуір сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның 5 өңірінде халықаралық және республикалық маңызы бар 9 автожолда жалпы ұзындығы 2855 км. жол бөлігін су басу фактілерітіркелді.
Оның ішінде:
- Ақмола облысында 4 сәуірде «Макинск-Ақсу-Торғай» автожолын су шайып кетті (ұзындығы 40-50 м, биіктігі 5-8 см);
- Атырау облысында «Доссор-Құлсары-Сайотес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» (101-103 км (ені - 1000 м, биіктігі 25-30 см) және (119-120 км, ені 500, бқозғалыс25-30 см);
- Қостанай облысында «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолдары (0-9 км, ені100 м, биіктігі40 см), «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 253-254 км, «Мамлютка-Қостанай» 294 км, «Қостанай-Жақсы» - «Қарабұтак-Қостанай» 4 км, Қостанай қаласының қасында;
- Павлодар облысында «Атамекен-Ертіс-Русская поляна-РФ шекарасы» а/ж 226-227 км;
- Солтүстік Қазақстан облысында «Рощинское-Корнеевка-Волошинка» 34 км.
Аталған учаскелерде көлік кептелісі тіркелмеген. Қазіргі таңда республикалық маңызы бар автожолдарда 297 бірлік техника және 385 адам жұмылдырылған.
Қазақстандық әуежайларда су тасқыныбойынша жағдай тұрақты
Әуежайларда су тасқыны қаупі жоқ. Астана мен Семей халықаралық әуежайларында тәулік бойы кезекшілік, әуеайлақ қоршауының артындағы аумақты аралау және тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.
Республикалық теміржолдарда тасқын суларды жасанды құрылыстар (көпірлер, құбырлар, таулы және су бұру арықтары) арқылы өткізу штаттық режимде жүзеге асырылып жатыр.
Магистральдық теміржол бойында тасқын сулардың жиналуы Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының шекараларында байқалады. Осыған байланысты айналма жолдарды ұйымдастыру және су тасқыны жағдайын бақылау жөніндегі шаралар күшейтілді.
Теміржолдары су шайып кету қаупі жоқ, барлық қауіпті жерде бақылау жұмыстарыжүргізілуде.
Атырау облысы бойынша адамдарды эвакуациялауға қатысты
Құлсары қаласынан адамдарды эвакуациялау үшін Құлсары-Атырау станциялары арасында 5 вагоннан тұратын қосымша жолаушылар пойызы ұйымдастырылды.
Бірінші рейс 4 сәуірде 49 еріктінің сүйемелдеуімен Атырау станциясынан 21.53-те жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін жіберілді. Ал 22.55-те Құлсары станциясынан 385 жолаушы, оның ішінде 99 бала эвакуацияланды. 5,6 және 7 сәуірде тағы 3 рейс жасақталды, нәтижесінде 3 мыңға жуық жолаушы тасымалданды.