Бүгін халықаралық шахмат күні

1966 жылдан бастап 20 шілде Халықаралық шахмат күні ретінде тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл мереке 1924 жылы құрылған Әлемдік шахмат федерациясы шешімімен бекітілген. Оның тарихына үңілсек, мереке ойда жоқта пайда болған екен. Әлемдік шахмат федерациясы қалай да шахматты спорт деңгейіне көтеру үшін ойынға тиесілі күнді белгілеген көрінеді.

Ойынның аты парсы тілінен аударғанда «шах мат» - «билеуші өлді» деген мағынаны білдіреді. Бұл танымал ойынның отаны – Үндістан.

Шахматтың прототипі чатуранга деген үндістандықтар ойнайтын ойын болған. Кезінде құмар ойындарға жатқызып аластатылған шахмат ойынының бұл күнде ғалымдар адам миының қалыпты жұмыс істеуіне пайдасы көп екенін дәлелдеген. 

Бұл ұлы ойынды жер шарының 25% тұрғыны ойнайды екен. Айтпақшы, шахмат - ЮНЕСКО жариялаған Халықаралық күні бар жалғыз спорт түрі. 

Бәрінің бастауында

Тарихқа үңілсек, ежелгі қазақтар да шахмат ойнай білген. Қазба жұмыстары кезінде табылған ғасырлық ойынның сүйек пен саз фигуралары ескерсек, оның әуесқойлары Талхир қаласында ХІ-ХІІ ғасырларда өмір сүргені белгілі болады. Қазақстандық тарихшы Абылай Қалиевтің айтуынша, табылған мүсіншелер піл сүйегінен жасалған.

Талғардан табылған алғашқы шахмат туралы кеңестік археолог И. Копыловтың мақаласында да айтылған. Ғалым Талғар тұрғындары тапқан 6 фигураны сипаттайды, олардың барлығы піл сүйегінен жасалған.

Копылов бұл фигураларды шығыста арабтар жиі қолданатын патша мен екі патшайымның рәміздерімен анықтады. Олар сондай-ақ цилиндрлік атпен және үстіңгі жағы біртіндеп тарылатын қарапайым тас (жаяу әскер) фигурамен байланысты болды. Фигураның жоғарғы жағы дөңгелек, соңы жарты шар тәрізді. Пішінінің үйлесімділігі, өлшемі мен сыртқы түрі бойынша олар Халбуктан шыққан X-XII ғасырлардағы цилиндрлік шахмат фигураларына ұқсас, - дейді тарихшы.

Шахматтың Қазақстанда дамуы

Тарихшылардың айтуынша, қазіргі кезде ел аумағында шахматты дамыту бойынша қандай да бір мұрағаттық құжаттар жоқ. ХІХ ғасырдың аяғында ғана телеграфтардың бірінде 1925 жылы өткен алғашқы шахмат жарыстары туралы айтылды. Алайда шахмат үйірмелері XVIII ғасырдың аяғында далада болды деген ақпарат бар. Содан кейін олар тек зиялы қауым өкілдері үшін қолжетімді болды.

1934 жылы бірінші республикалық чемпионат - Бүкілқазақстандық шахмат турнирі өтті. Сол жылы Орал қаласының бірінші разрядшысы Исидор Лопатников жеңімпаз атанды. Болашақта Қазақстанда басқа шахматшылар да танымал бола бастады. Мысалы 10 дүркін чемпион Анатолий Уфимцев, Борис Каталымов, Михаил Мухин, Наум Рашковский, Олег Дзюбан және басқалар, - дейді тарихшы Абылай Қалиев.

ХХ ғасырдың басында Мәскеудегі ең мықты турнирлердегі отандық ойыншылардың жеңісі арқасында шахмат қарқынды дамып, Республиканың бүкіл аумағында танымал бола бастады. 

Шахматтан алғашқы ресми жарыс 1933 жылы өтті. Сол жарыста атақты мемлекет қайраткері Губайдулла Мендешев чемпион атанды. Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде ерлер мен әйелдер арасында чемпионаттар тек 6 рет өткізілді. Кейінірек 1945 жылдан кейін Алматыда Н. Дроздев, А.Нагорный және А. Гескин басқарған секциялар ашылды. Шахмат аренасында танымал бола отырып, секция қауымдастыққа айналды. Оған академик Серікбай Бейсембаев та елеулі үлес қосты.

1947 жылы шахматтан 7-ші республикалық чемпионат өтті. Сол жылы Қостанайдан келген Анатолий Уфимцев чемпион атанды. Кейін Браун, Коханов, Реут, Голяк, Мұратов және басқа да талантты ойыншылар пайда болды. Олардың қатарына Украинадан көшіп келген Борис Каталымов та қосылды. Ал 1960 жылы шахматшылар тобы, яғни Винкель, Мовшович, Мұратов, Носков және басқалары халықаралық шебердің нормасын орындады, - деді Абылай Қалиев.

Кеңес әйелдері де ер адамдардан тыс қалмады. Ткачева, Коган, Тәжиева және Сахатова сияқты шахматшылар ерекше көзге түсті. Соңғысы 3 рет ел чемпионы атағын алып, КСРО чемпионатының финалында 7-орынға ие болды.

90-шы жылдарға қарай отандық шахмат спортында жаңа толқын пайда болды. Асанов, Ткачев, Иржанов, Темірбаев, Қажығалиев еліміздің беделін көтеріп, көптеген жеңістер әкелді.

Жаңа белестер

2000 жылдардың басынан бастап шахмат Қазақстанда үлкен сұранысқа ие бола бастады. Ал жас ойыншылар тобы бұл спорт түрінің үлкен жанкүйерлері бар екенін көрсетті.

2011 жылы Қазақстан үшін 15 ер гроссмейстер ойнады. 2016 жылы оларға 5 әйел гроссмейстер қосылды.

Гроссмейстер (GM) және әйелдер гроссмейстері (WGM) атақтарын Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) турнирлер мен олардың нәтижесі туралы барлық ақпаратты мұқият қарастырғаннан кейін және жылына 3-4 рет өткізілетін жыл сайынғы конгрес (FIDE Congress) пен Президенттік Кеңестің (FIDE Council) отырыстарынан кейін береді. 

Бұл атақтарды алу үшін, біріншіден, үш турнирде тиісті норманы орындау, екіншіден, 2500 (GM) немесе 2300 (WGM) рейтингіне жету керек. Гроссмейстер атағы өмір бойына беріледі. 

Қазіргі кезде...

Қазіргі кезде Үкімет шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті. Атап айтқанда, жоспар мыналарды көздейді:

  • Бастауыш сынып балалардың 20%-ын шахмат оқытумен қамту.
  • Көп пәтерлі тұрғын үйлерде кемінде 200 шахмат клубын ашу.
  • Шахматтан Қазақстан құрама командасының әлемнің ТОП-10-на кіруі.
  • 20 жасқа дейінгі қазақстандық шахматшылардың "халықаралық гроссмейстер" спорттық атағын алуы.
  • Әлем, Азия чемпионаттарында, шахмат олимпиадасында және Халықаралық Шахмат Федерациясының басқа да ресми чемпионаттарында қазақстандық шахматшылар жеңіп алған медальдар санын ұлғайту.
  • Шахмат бойынша кемінде 500 педагог даярлау.
  • Кемінде 250 кадрдың біліктілігін арттыру.

Осы міндеттерді іске асыру үшін шахматты бірнеше бағыт бойынша дамыту көзделген. 

Атап айтқанда, оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттары есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарына шахматты енгізу, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы шахмат секцияларының желісін кеңейту ұсынылады.

Сондай-ақ педагогикалық бағыт шеңберінде "шахмат бойынша мұғалімдерді даярлау" білім беру бағдарламасын әзірлеу және оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы