Бүгін грант конкурсына қатысуға өтініштер қабылдау басталды

Грант конкурсына қатысуға өтініштер 13-24 шілде аралығында қабылданады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжаттар бұрынғыдай дәстүрлі форматта қабылданады, ЖОО негізінде қабылдау комиссиялары жұмысын бастады. Сонымен қатар жақын арада электронды форматта да қабылданады.

Бұл туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.

Құжаттарды кез келген ЖОО арқылы тапсыруға болады. Мысалы, Алматыға оқуға түсуді жоспарлап отырған ақтаулық түлек грантқа өтініш беру үшін Алматыға келмей-ақ, құжаттарын еGov арқылы онлайн, және жергілікті ЖОО арқылы офлайн тапсыра алады, - деді спикер ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

Биыл бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлініп отыр. Барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы