Бүгін футзалдан әлем чемпионы анықталады

Жексенбі, 6 қазан күні футзалдан Өзбекстандағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетеді. Бразилия мен Аргентина құрамалары финалдық матчта кездеседі, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Бразилия - Аргентина матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:50-де басталып, Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Аргентина ширек финалда Қазақстан құрамасын жарыс жолынан шығарды. Сондай ақ, оңтүсікамерикалықтар үш жыл бұрын өткен жаһан біріншілігінің финалисті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Prosports.kz
Өзгелердің жаңалығы