Бүгін ең ұзақ күн болады
Бүгін Солтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырауы басталды. Бұл — жылдың күн ең ұзақ, ал түн ең қысқа болатын күні. Астрономиялық жаз дәл осы күннен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгін Солтүстік жарты шарда жазғы күн тоқырауы басталды. Бұл — жылдың күн ең ұзақ, ал түн ең қысқа болатын күні. Астрономиялық жаз дәл осы күннен басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
AP агенттігінің хабарлауынша, "Күн тоқырауы" термині латын тіліндегі sol — күн және stitium — тоқтау сөздерінен шыққан. Бұл — күннің аспандағы ең биік нүктесіне жетіп, бір сәтке “тоқтағандай” болатын мезеті. Осыдан кейін күннің ұзақтығы азайып, түндер ұзара бастайды.
Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осі Күнге қатысты еңкейіп тұрады. Солтүстік жарты шар Күнге қарай еңкейген кезде бізде жаз басталып, күннің жарығы мен жылуы артады. Ал дәл осы уақытта Оңтүстік жарты шарда қыс басталып, күн ең қысқа болады.
Көптеген халық ежелден күн тоқырауын ерекше атап өткен. Мысалы, Ұлыбританиядағы Стоунхендж сынды көне ескерткіштер күннің қозғалыс бағытына сай салынған. Бұл — адамзаттың табиғат пен уақыт арасындағы байланысты терең түсінуге тырысқанын көрсетеді.
Айта кетейік, астрономиялық маусымдар Жердің Күнді айналуына негізделсе, метеорологиялық маусымдар ауа райы жағдайларына байланысты есептеледі. Мысалы, метеорологтар үшін жаз маусымы 1 маусымда басталады.
- АҚШ Бейбітшілік Кеңесінде Газаны қалпына келтіру жоспарын ұсынады 05:18
- Обама қаулысы күшін жойды: Трамп климат саясатын өзгертті 04:27
- Атырауда блогерді ұрған екі әйелге үкім шықты 03:40
- Қар, көктайғақ, тұман: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды 02:34
- Еурокомиссия ғимараттарында тінту жүргізілді 01:29
- АҚШ Ирандағы демонстранттарға Starlink терминалдарын жеткізген 00:30
- Ақтауда полицей қаза тапқан жол апатына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды 12.02.2026