Бүгін елордадағы сноуборд алаңы пайдалануға беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 желтоқсан күні елордада Nur-Sultan Snowpark алаңы пайдалануға беріледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін 18:00 кезінде елордадағы Ататүрік саябағында Nur-Sultan Snowpark сноуборд алаңы ашылады. Бұл шара ашық ауадағы жаттығу форматында өтеді. Барлық санитарлық карантин талаптары сақталады.
Nur-Sultan Snowpark – snowboard және freeski секілді қысқы экстремалды спорт түрлеріне арналған ашық спорт-жаттығу алаңы. Онда джиббинг спортымен де айналысуға болады. Жобаны іске асыруға астананың Байқоңыр ауданының әкімдігі және Қазақстан скейтбординг федерациясы қолдау көрсеткен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы