Кеше 2026, 08:48
Елордада «Референдум – 2026» онлайн марафоны өтеді
Отандық телеарналар, басылымдар мен ақпараттық агенттіктердің интернет ресурстары мен әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілетін шара 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Эфир барысында референдум күнінің негізгі сәттерін, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасын көрерменге жедел әрі заманауи форматта ұсынады.
Марафон аясында бес алаң жұмыс істейді. Іс-шараға қоғам қайраткерлері, өнертапқыштар, сарапшылар, сондай-ақ қайырымды ісімен танылған азаматтар қатысады.