Бүгін елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 28 ақпан күні қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Қазгидрометтің мәліметінше, 28 ақпанда елордада күн бұлтты болады, ал түнде қар жауады. Күндіз қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.

Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 9-14 м/с жылдамдықпен соғады.

Ауа температурасы 28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні -16-18, күндіз -1-ден +1-ге дейін.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы