Бүгін елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Астанадағы Халықты жұмыспен қамту орталығы 11 мамыр күні шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жәрмеңке жұмыссыз азаматтарға, соның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, пробация қызметінің есебінде және де алимент бойынша қарызы бар адамдарға арналады.
Шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін Бейбітшілік, 9 (бұрынғы ЦУМ) мекенжайы бойынша өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмолада республикалық жолдың 355 шақырымы жөнделді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы