Бүгін елордада 21 рейс кешіктірілді
Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12 желтоқсан күні сағат 00:00-ден 13:00-ге дейінгі уақыт (жергілікті) аралығында әуежайдан 44 рейс орындалды. Оның ішінде ауа райы жағдайына (температураның -30 С-тан жоғары төмендеуі) байланысты, сонымен қатар, багаж бөлімдерінің, шасси тіректерінің, ұшақ қозғалтқыштарының қатып қалуы сияқты жағдайлар салдарынан 21 рейс кешіктірілді. Төмен температурада арнайы техникалар қатып қалатындықтан, перронда әуе кемесіне қызмет көрсету қиындайды, - делінген Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы таратқан хабарламада.
Әуежай кідірістерді болдырмау үшін авиакомпаниялармен үздіксіз байланыста жұмыс істейді. Астана халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді.
Жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, авиациядағы басты қағида жолаушылардың қауіпсіздігі екенін хабарлаймыз, - делінген елордалық әуежай хабарламасында.