1 Қазан 2026, 08:55 Фото: pexels

Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және дене белсенділігін шектеуге кеңес береді.

Бүгін, 1 қазанда Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Алматы, Жезқазған және Балқаш қалаларында қалыптасады.

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде атмосфераның жерге жақын қабатында ластаушы заттардың жиналуы мүмкін. Бұған әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.

Мамандар тұрғындарға, әсіресе балалар мен жүкті әйелдерге, ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және дене белсенділігін шектеуге кеңес береді. Созылмалы тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.