Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 18 қазан күні Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Ақтөбе, Алматы, Риддер, Семей, Өскемен және Орал қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда атмосфераның ластану деңгейі жоғары болуы ықтимал.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандар азаматтарға ұзақ уақыт ашық ауада болмауға және денсаулығын қорғау шараларын сақтауға кеңес береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мексикадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті
Өзгелердің жаңалығы