12 Қыркүйек 2026, 09:19 Фото: pixabay

Бүгін еліміздің үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі.

«Қазгидромет» синоптиктері 12 қыркүйекте Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасатырнын хабарладаы.

Алматыда, сондай-ақ түнде Ақтөбе мен Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) – желдің болмауы немесе әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы сияқты қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың үйлесуі. Мұндай жағдайда зиянды заттар атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, ауа сапасының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ауадағы ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температура сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

ҚМЖ кезінде:

  • ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздеріне жақын жерлерде ұзақ жүрмеу;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуді шектеу;
  • өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдардың қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру;
  • ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу және спортпен жабық нысандарда айналысу ұсынылады.