12 Шілде 2026, 08:32
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандардың айтуынша, ауа ластануының деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы секілді синоптикалық жағдайлар әсер етеді.
Бүгін, 12 шілдеде Алматы, Астана және Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Мұндай кезде ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ауа ластануының деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы секілді синоптикалық жағдайлар әсер етеді.
Осыған байланысты тұрғындарға:
- ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе автокөлік көп жүретін жолдардың маңында серуендеуді шектеуге;
- балаларға, жүкті әйелдерге және созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулары бар адамдарға сақ болуға;
- ашық ауадағы қарқынды дене жаттығуларының орнына жабық спорт нысандарын таңдауға кеңес беріледі.