Бүгiн 2026, 08:32 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартқан жөн.

Бүгін, 13 маусымда Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдайлар Алматы, Ақтөбе және Талдықорған қалаларында қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оларға желдің әлсіз болуы, тұман, ауа температурасының инверсиясы және тынық ауа райы жатады.

Мамандардың айтуынша, мұндай кезеңде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін. Әсіресе тыныс алу жүйесі, жүрек-қан тамырлары аурулары және аллергиясы бар адамдарға сақ болған жөн.