Бүгiн 2026, 08:11 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезеңде ұзақ серуеннен бас тартуды ұсынады.

Бүгін, 23 ақпанда Алматы, Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, желсіздік, тұман, ауа инверсиясы сияқты факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал етуі мүмкін. Соның салдарынан ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету қаупі артады.

Мамандар мұндай кезеңде:

  • ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдардың маңында болу уақытын қысқартуды;
  • балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуеннен бас тартуды;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрілерін өзімен алып жүруді;
  • сырттағы физикалық белсенділікті шектеп, жаттығуларды жабық ғимараттарда өткізуді ұсынады.