Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 9 ақпанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің дерегінше, бүгін еліміздің үш қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Атап айтқанда, Алматы қаласында, сондай-ақ Астана мен Атырауда түнгі уақытта ауа сапасының төмендеуі болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың әсерінен атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін құбылыс. Мұндай кезде елді мекендердегі ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы