Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 қаңтарға арналған қалалардағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Балқаш, Қызылорда және Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.
Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін тымық ауа райы, желсіздік, тұман және температуралық инверсия сияқты факторлардың әсерінен қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі ауа сапасының төмендеуі мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақмола облысында жолда қалған 46 адам жылыту пунктіне жеткізілді
Өзгелердің жаңалығы