21 Желтоқсан 2025 2025, 08:11
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін, 21 желтоқсанда Ақтөбе, Астана қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қолайсыз метеожағдайларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Мұндай факторлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына себеп болады.
Осыған байланысты аталған қалаларда ауа сапасының уақытша нашарлауы мүмкін.