12 Қараша 2025 2025, 08:32
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 12 қарашада еліміздің үш қаласында – Атырау, Ақтау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Бүгін, 12 қарашада еліміздің үш қаласында – Атырау, Ақтау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдай атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) әсерінен туындайды.
Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Ауа сапасына жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық факторлар тікелей ықпал етеді.