Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 6 қарашада еліміздің үш ірі қаласында – Алматы, Атырау және Ақтөбеде – қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) – атмосфералық ауада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді құбылыстар жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман және ауа температурасының инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.
Мұндай жағдайда елді мекендерде ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Синоптиктер ластану деңгейіне желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық секілді метеорологиялық факторлар тікелей ықпал ететінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанадағы көтерме-бөлшек базардан өрт шықты
Өзгелердің жаңалығы