16 Қазан 2025 2025, 08:54 Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 16 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауына әкелетін қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін, 16 қазанда Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлауына әкелетін қолайсыз метеожағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің дерегінше, Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар – бұл атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа құрамындағы ластаушы бөлшектердің концентрациясы артып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Мамандардың айтуынша, желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ауа температурасы мен ылғалдылық сияқты синоптикалық факторлар ауа сапасының қалыптасуында шешуші рөл атқарады.