Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 1 қазан күні Қазақстанның көптеген қалаларында метеожағдай қолайлы болады. Дегенмен Жезқазған, Ақтөбе және түнде Астана қалаларында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар болжануда, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелетін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық). Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, ластану деңгейінің қалыптасуына жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы сияқты синоптикалық факторлар әсер етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы