Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 29 қыркүйекте еліміздің көпшілік өңірінде қолайлы метеорологиялық жағдай болжанып отыр. Алайда, Ақтөбе, Алматы және Атырау қалаларында түнгі уақытта ауа сапасының нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) жиынтығы. Мұндай жағдайда ауа ластанып, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, ластану деңгейіне ықпал ететін негізгі факторлардың қатарында жел, жауын-шашын, ылғалдылық пен ауа температурасы бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қаза тапқандар бар: Техаста жеңіл ұшақ апатқа ұшырады
Өзгелердің жаңалығы