Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 10 тамызда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Ақтөбе және түнде Астана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.

Мамандардың айтуынша, мұндай құбылыстар кезінде атмосфераның беткі қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл, әсіресе, тыныс алу жолдары аурулары бар адамдардың денсаулығына кері әсер етуі ықтимал.

Қолайсыз жағдайлар тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия сияқты факторлардың әсерінен қалыптасады. Синоптиктер желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы да ауа сапасына тікелей ықпал ететінін ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Архив
Өзгелердің жаңалығы