Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 9 тамызда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды. Бұл туралы “Қазгидромет”  РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Алматы, Ақтөбе қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы (әлсіз жел, тұман, инверсия, т.б.). Мұндай кезде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, ластану деңгейіне жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты метеорологиялық жағдайлар тікелей ықпал етеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы