3 Тамыз 2025 2025, 07:12
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
Бүгін, 3 тамыз күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеожағдайлар болады.
Бүгін, 3 тамыз күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеожағдайлар болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атап айтқанда, Ақтөбе мен Орал қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін метеожағдайлар қалыптасуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосферада зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (тыныш ауа, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия және т.б.). Мұндай жағдайлар елді мекендерде ауаның ластану деңгейінің артуына әкеліп, адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Мамандар бұл күндері көшеде ұзақ уақыт жүрмеуге, физикалық белсенділікті шектеуге және тыныс алу жүйесі әлсіз адамдарға сақ болуға кеңес береді.