4 Шілде 2025 2025, 07:14 Фото: .istockphoto.com

Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның бірқатар қалаларында атмосфералық ауаның сапасына кері әсерін тигізетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) тіркеледі.

Бүгін Қазақстанның бірқатар қалаларында атмосфералық ауаның сапасына кері әсерін тигізетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) тіркеледі, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, Шымкент, Алматы, сондай-ақ түнгі уақытта Атырау қаласында қолайсыз метеожағдайлар болады.

Мамандардың түсіндіруінше, ҚМЖ – атмосфералық ауаның төменгі қабаттарында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болатын қысқа мерзімді метеорологиялық факторлар жиынтығы. Оларға желдің жоқтығы, тұман, температуралық инверсия және ылғалдылық жатады.

Аталған жағдайлар кезінде елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, әсіресе тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын тұрғындарға әсер етуі мүмкін.

Мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше сыртқа көп шықпауға және қорғаныс шараларын сақтауға кеңес береді.