Бүгін еліміздің үш қаласында ауа ластанады
"Қазгидромет" РМК бүгін, 24 маусымда еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Алматы, Балқаш және Атырау қалаларында ауа ластанады.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ауадағы ластаушы заттардың шоғырлануы артып, тұрғындар денсаулығына кері әсер етуі ықтимал. Әсіресе тыныс алу жолдары аурулары бар азаматтарға сақ болуға кеңес беріледі.
Ауа сапасының нашарлауына ықпал ететін негізгі метеорологиялық факторларға желдің жылдамдығы мен бағыты, жауын-шашын мөлшері, ылғалдылық пен температура жатады.
Мамандар тұрғындарды ауа райы болжамын мұқият бақылап, қажет болған жағдайда далада ұзақ жүрмеуге, терезені жиі ашпауға және маскалар қолдануға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қызды құтқармақ болған: ШҚО-да үш адам суға батып кетті
Келесі жаңалық
Ерлан Қарин: 2025 жыл еліміз үшін табысты болды
Өзгелердің жаңалығы