17 Ақпан 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы төмендейді
Өскеменде кейбір зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.
«Қазгидромет» РМК бүгін, 17 ақпанға арналған ауа сапасының болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, Өскемен, Риддер, Балқаш және Жезқазған қалаларында атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – беткі қабаттағы ауада зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Еске сала кетейік, Өскеменде кейбір зиянды заттардың мөлшері шекті деңгейден асып кеткен.