Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар мұндай кезде ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
Бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.
Синоптиктердің болжамынша, қолайсыз метеожағдай Алматы, Ақтөбе, Атырау және Өскемен қалаларында қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде желдің әлсіреуі, тұман мен инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мамандар мұндай кезде ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуенді шектеу, ал жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және аллергиялық аурулары бар адамдарға қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүру ұсынылады.
Сондай-ақ ашық ауадағы физикалық белсенділікті азайтып, спортпен жабық ғимараттарда айналысқан жөн.