31 Тамыз 2026, 08:28
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді.
Бүгін, 31 тамызда Қазақстанның төрт қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. «Қазгидромет» мәліметінше, мұндай жағдай Павлодар мен Ақтөбеде, сондай-ақ түнде Астана мен Атырауда болжанады.
Қолайсыз метеожағдайлар кезінде желдің әлсіреуі, тұман және температуралық инверсия салдарынан атмосфераның төменгі қабатында ластаушы заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін.
Мамандар тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Сондай-ақ даладағы қарқынды физикалық белсенділікті шектеу ұсынылады.