Бүгiн 2026, 08:54 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға мүмкіндігінше сыртта ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 6 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Ақтөбе, Өскемен, Риддер және Семей қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін ауа райы құбылыстарының жиынтығы. Оған желдің әлсіз болуы, тұман, ауа инверсиясы және тымық ауа райы жатады.

Осыған байланысты аталған қалаларда атмосфералық ауаның сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Тұрғындарға, әсіресе балаларға, қарттарға және тыныс алу жүйесі аурулары бар адамдарға мүмкіндігінше сыртта ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.