Бүгiн 2026, 08:32
Фото: BAQ.KZ архиві
Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
Мұндай кезде тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмау және денсаулықтарына мұқият қарау ұсынылады.
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 3 маусымға арналған ауа сапасы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, түнгі уақытта Алматы, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін қысқамерзімді табиғи құбылыстардың жиынтығы. Оған желдің баяулығы, тұман, ауа инверсиясы және тымық ауа райы жатады.
Мамандар мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы төмендеп, ластаушы заттардың мөлшері артуы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ уақыт болмау және денсаулықтарына мұқият қарау ұсынылады.