Бүгiн 2026, 08:51 Фото: BAQ.KZ архиві

Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе жол маңында ұзақ жүрмеуді ұсынады.

Бүгін, 24 сәуірде Қазақстанның төрт қаласында – Балқаш, Қарағанды, Жезқазған және Теміртауда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, мұндай жағдайда ауада зиянды заттардың шоғырлануы артып, атмосфералық ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Бұған әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы сияқты факторлар әсер етеді.

Мамандар тұрғындарға ашық ауада болу уақытын қысқартуды, әсіресе жол маңында ұзақ жүрмеуді ұсынады. Балалар, жүкті әйелдер және созылмалы ауруы бар адамдарға сақтық шараларын күшейту қажет.

Сондай-ақ физикалық белсенділікті шектеп, мүмкіндігінше жабық орындарда болған жөн.