Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды
"Қазгидромет" РМК бүгін, 5 мамыр күні Қазақстанның бірнеше қаласында ауаның ластанатынын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамынша, Жезқазған, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ Атырау қаласында түнде ауа сапасы нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар әлсіз жел, тұман, инверсия және ауаның тоқырауы сияқты метеофакторлармен байланысты, олар зиянды заттардың ауада шоғырланып қалуына себеп болады.
Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі ықтимал. Мұндай күндері тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, ауыр физикалық жүктемеден аулақ болуға және мүмкіндігінше қорғаныс шараларын қолдануға кеңес беріледі.
Синоптикалық жағдайдың нашарлауы – яғни желдің болмауы, жауын-шашынсыз ауа райы, жоғары ылғалдылық пен температураның тұрақсыздығы – зиянды заттардың ауада ұзақ уақыт сақталуына ықпал етеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы