Бүгін еліміздің төрт қаласында ауа саасы нашарлайды
Мамандар тұрғындарды ауа сапасына қатысты ресми ескертулерді қадағалап, денсаулығын қорғау үшін қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Бүгін, 25 қазанда Ақтөбе, Алматы, Қарағанды және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды заттар жиналып, ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Мұндай жағдайлар көбіне желдің бәсеңдеуі, ауаның тымық болуы, тұман және температуралық инверсия сияқты метеорологиялық факторларға байланысты қалыптасады.
Ауадағы ластаушы заттардың таралуына желдің бағыты мен жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы да әсер етеді. Сондықтан қолайсыз метеожағдайлар кезінде қалалардағы ауаның ластану деңгейі артуы ықтимал.
Мамандар тұрғындарды ауа сапасына қатысты ресми ескертулерді қадағалап, денсаулығын қорғау үшін қажетті сақтық шараларын сақтауға шақырады.